Мемлекет нақты мұқтаж жандарға ғана атаулы қолдау көрсетеді — Олжас Бектенов Президенттің тарифтер бойынша тапсырмаларын орындау туралы
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді., деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Фискалдық саясатты қайта құру бақылау жасауға емес, серіктестік орнатуға баса мән бере отырып, жүргізілуге тиіс екені атап өтілді. Сол арқылы орын алған теңсіздіктерді теңдестіру қажет.
Ал энергетика және коммуналдық сектордағы жұмыс тәсілін уақтылы және сапалы жүзеге асыру қажеттігіне баса назар аударылды.
Әділетті тарифтер – оны жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам. Мемлекет өз кезегінде, шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей қолдау көрсетеді, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруға кірісу тапсырылды.