«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы «Заң және тәртіп» қағидаты және «Jarqyn Bolashaq» жобасы аясында «Ойыннан шығу» атты жаңа подкаст түсірілімінде өзекті тақырыптар талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Подкасттың спикері медиа-шолушы, аудиокітаптар авторы Бекзат Қосай жастарға түсінікті кеңестерімен және тәжірибесімен бөлісті.
Жаңа шығарылымда өзекті тақырыптардың бірі жастардың қаржылық сауаттылығы кеңінен талқыланды. Әңгіме барысында өмірлік мысалдар айтылып, пайдалы кеңестер берілді.
Сонымен қатар спикер қаржылық тәуекелдердің алдын алу, ойланбай қабылданатын шешімдерден сақтану және қаражатқа дұрыс көзқарас қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында «Заң және тәртіп» акциясы мен «Jargyn Bolashaq» жобасы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің бірлесіп ұйымдастыруымен елордада «Цифрлық қауіпсіздік сабақтары» атты ауқымды форум өткен болатын.