Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 10:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

2022-2026 жылдары Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.

2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі, Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы, Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі, Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалғанын хабарлағанбыз.