Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Бүгін, 09:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Дәурен Қосанов 1969 жылғы 14 қазанда Павлодар облысы Қызылқұраған ауданында дүниеге келген.

1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Әскери-әуе академиясын бітірген. Ю. Гагарин 2005 жылы, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы 2013 жылы тәмәмдаған.

Еңбек жолы 

Үшарал жауынгерлік полкіндегі қызмет;

Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі;

Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;

Шымкент авиабазасының командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры;

2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

«Әскери ұшқыш мерген». II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

2024 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімі бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (08.06.2025 бастап).