Әнші Кеңес Әлімжан жол апатына түсті
11 наурыз, 2025
instagram.com/kenes.alimzhan/
Танымал әнші Кеңес Әлімжан жол апатына түсті. Бұл туралы Elorda.info.kz хабарлайды.
Оқиға Тараз өңірі маңында болған. Өнер иесі тойға асығып бара жатқан. Әнші басқарған көлікке қарсы беттен қатты жылдамдықпен, адам толы Alphard шыққан.
“Құрметті жақсылар! Барша жанашырларыма рақмет! Әлеуметтік желіден менің жол апатына түскенімді оқып жатырсыздар! Аллаға шүкір, аман-есенбіз. Жайсыз хабардың таралып кетуін қаламаған едім. Бірақ жан-жақтан хабарласып, тілеулес болып жатқан ағайынға мың алғыс! Дұрыс ұйықтап жүріңіздер! Ұйықтамағанның кесірінен қалғып кетіп, жолдан шығып кеттім. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікке соқпай, өтіп кеттік. Менің жағдайым жақсы. Темір де орнына келер. Ең бастысы, аман қалдық”, – деді әнші.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты