Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды
19 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.
Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші – 9:16.46 секунд.
Бұл Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.
Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.
Ұқсас жаңалықтар
14 маусым, 2026
Қазақстан Қытайда өткен триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
14 маусым, 2026
Бүгін елордада Phygital Contenders Astana 2026 чемпиондары анықталады
14 маусым, 2026
Ұландық спортшы панкратионнан Азияның үш дүркін чемпионы атанды
12 маусым, 2026
Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды