Наурыз шуағы: Астанада аялдамалар жаңа келбетке ие болды
Бұл туралы «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Рахманберді әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Көктемнің келуімен бірге «Байқоңыр» ауданында Наурыз мейрамының атмосферасы ерекше сезіле бастады. Аудан аумағындағы аялдамалар ұлттық нақышта безендіріліп, қала көркіне көрік қосты.
Сонымен қатар ауданның басты даңғылдары мен көшелерінде безендіру жұмыстары жүргізілді», - деді Талғат Рахманберді.

Мерекелік элементтер мен дәстүрлі ою-өрнектер тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Ұлыстың ұлы күнінің рухын айшықтай түсті.

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Әрбір безендірілген нысан осы игі мерекенің мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, Наурызда елордада ұлттық дәстүр мен заманауи сәулет үйлесім табады.