Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып бастады.
2006 жылдан 2014 жылға дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2014-2017 жылдары – Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы.
2017-2020 жылдары – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2020-2023 жылдары – Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2023-2024 жылдары – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы.
2024-2026 жылдары ҚР ТЖМ Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.
2026 жылғы 9 маусымнан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.