Елде мыңнан астам ауыл талшықты интернетпен қамтылады – министрлік

Бүгін, 12:29
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елде мыңнан астам ауыл талшықты интернетпен қамтылады – министрлік
Фото: freepik.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасының басталғанын және байланыс операторлары үшін үлестік гранттар алуға ашық конкурс басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Конкурс жобаны жүзеге асыру аясында өткізіледі және ауылдық жерлерде телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ, ауыл тұрғындарын жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с болатын интернет желісімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоба жергілікті интернетке қолжетімділік желісі жоқ 1 123 ауылдық елдімекенде талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды қарастырады.

Жоба іске асса жоғары жылдамдықты интернетпен 445 мыңнан астам үйді және шамамен 2,3 миллион адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында байланыс операторларына ауылдық жерлерде телекоммуникациялық желіні салуға жұмсалған күрделі шығындардың 50%-ына дейінгі мөлшерде қайтарымсыз үлестік гранттар беріледі. Құрылыс операторлардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте салынған инфрақұрылым олардың теңгерімінде (балансында) қалады.

Қатысушыларды іріктеу тең қолжетімділік, ашықтық және есептілік принциптерін сақтай отырып, Ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Жоба туралы толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom/projects/details/3834?lang=kk

Конкурс туралы ақпарат:https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/documents/details/968690?lang=kk

Бұған дейін елордада «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері талқыланғанын жаздық.