Министрлік қазақстандықтарды «Таза жағалау» акциясына белсенді қатысуға шақырды

Министрлік қазақстандықтарды «Таза жағалау» акциясына белсенді қатысуға шақырды
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Елімізде бүгін, 29 тамызда, өтетін «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында жағалаулар мен су айдындарына жақын аумақтарды тазалау шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

«Біз тұрғындарды, еріктілерді, ұйымдардың өкілдерін және барлық мүдделі азаматтарды тазалық күндеріне қатысып, таза қоршаған ортаны сақтауға үлес қосуға шақырамыз.

Жағалауларымызды таза ұстау барлығының қатысуынан басталады!

Ұйымдастырушылар: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері», – деп жазылған министрлік хабарламасында.