06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілі және Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасарымен кездесті

|
Photo: Фото: Ақорда
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілі және Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасарымен кездесті

|
Photo: Фото: Ақорда

Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты. 

Президент алдағы жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындау тұрғысынан нәтижелі болатынына сенім білдірді. 

Қазақстан Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі.

Мемлекет басшысы еліміздің АҚШ Президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан Президенті жаһандық үдерістердегі Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанына тоқталды. Аймақ елдері бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін, тату көршілік пен ортақ прогреске деген ұмытылысын көрсетіп отыр. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗