Медицина туризмін дамыту: туроператорларға астаналық клиникалардың мүмкіндіктері көрсетілді

Медицина туризмін дамыту: туроператорларға астаналық клиникалардың мүмкіндіктері көрсетілді
Фото: Астана әкімдігі

Елордада Astana Tourism қолдауымен туристік және медициналық бизнес өкілдері үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды. Іс-шарада туроператорлар, медициналық туризм агенттіктері мен сала сарапшылары Астананың медициналық инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Негізгі алаң ретінде жаңа көпсалалы Prime Green Clinic таңдалды. Қатысушылар заманауи диагностика, амбулаторлық және мамандандырылған емдеу бағдарламалары, алдын алу шаралары және халықаралық сапа стандарттары бойынша қызметпен танысты.

Инфотур барысында клиника мен 7 туроператор арасында медициналық қызметті насихаттау, кешенді тур өнімдерін құру және пациенттерді сүйемелдеу жөнінде келісімдер жасалды. Бұл қадам медициналық туризмді дамыту мен шетелдік пациенттерді тарту арналарының кеңеюіне бағытталған.

Astana Tourism өкілдері атап өткендей, мұндай іс-шаралар қаланың медициналық туризм экожүйесін қалыптастыруға және халықаралық серіктестіктер орнатуға мүмкіндік береді. Астана Орталық Азияда денсаулық сақтау орталығы ретінде өз позициясын нығайтып, заманауи қызмет пен жоғары деңгейдегі сервисті ұсынады.

Бұған дейін Астанада медициналық туризм қалай дамып келе жатқанын жазғанбыз.