Мәслихат шешімін уақытылы өзгертпеу салдарынан 100 мың тұрғын жәрдемақы ала алмады
Маңғыстау прокуратурасы нормативтік құқықтық актілердің мониторингі шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарына нұқсан келтіретін бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Облыстық мәслихаттың 25.10.2019ж. №31/368 шешімімен тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі бекітілді.
Бұл жеңілдіктер азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде бастапқы жарна немесе тұрғын үй құнын ішінара төлеу кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуге арналған.
Өткен жылы тұрғын үй жәрдемақысын беруді реттейтін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, алушылардың санаттарының саны 2-ден 12-ге дейін кеңейтілгені анықталды. Оның қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеуіне әкелді.
Облыстық мәслихаттың шешіміне тиісті өзгерістердің енгізілмеуінің нәтижесінде 100 мыңнан астам азамат (оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары) көзделген тұрғын үй жеңілдіктерін пайдалану мүмкіндігінен айырылды.
Прокурордың наразылығымен қала және аудан мәслихаттарының шешімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қолдауды қажет ететін азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.