Маңғыстауда құны 870 млн теңге болатын 50 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 10:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Маңғыстауда құны 870 млн теңге болатын 50 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото: Magnific.соm

Маңғыстау көлік прокуратурасы әуеаймақ маңындағы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін заңсыз берілген жер учаскесін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап. 

Жер заңнамасын бұза отырып, бұл учаске 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 870 млн теңге жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Көлік прокуратурасы органдары мемлекеттік мүдделерді қорғауды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әуе маңындағы аймақтардағы бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында 10 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғаны туралы жаздық.