Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Ерке Есмахан Instagram желісінде өзін мақтаншақ санайтындарға жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мақтаншақсың» деп жазып жатасыздар ғой маған. Ондайым бар енді, мойындаймын. Менің жүріс-тұрысым, өмірім-өнерім, іс-қимылым, киім-кешегім бәрі бір мақтанышақтыққа жататын шығар. Бірақ ол - менің күнделікті, жай ғана қалыпты тіршілігім. Өзім де таңғаламын. Сондай жақсылықтарға мені лайықты көрген Аллаға сансыз шүкір. Сіздердің де өмірлеріңіз мақтанып жүретіндей берекеге толы болсын. Барлығын молынан нәсін етсін Алла!», - деп жазды шоу-бизнес өкілі.
«Өз еңбегіңізбен жеттіңіз ғой осының бәріне. Менің қызым да Сіз сияқты әнші боламын дейді», «Күйеуіңмен бақытты бол», «Аман-есен жеңіл босанып алыңыз», «Бізге де жұғысты болсын» деп жазды оқырмандар.