«Ұлдарым тұрмыс құруыма қарсы»: Сиви Махмуди жеке өмірінен сыр шертті
11 наурыз, 2025
Видеодан скрин
Танымал әнші Сиви Махмуди жеке өміріндегі соңғы жаңалықты бөлісті. Ол бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында.
“Жолдасыммен ресми ажырасқанымызға сегіз жыл болды. Бірақ халық әлі мені сол кісімен қатар атайды. Өткенде істі болғанда да көп жазды. Жеке дара етіп жазуларыңызды сұраймын. Балаларымның әкесімен араласпаймыз. Ешқашан хат-хабар алып, жағдай сұрасқан емес. Бұрынғы ата-енем де немерелерін іздеген емес. Қазір балаларым әкелерінің тегін алғысы келмейді. Тіпті, болашақта зияны тие ме деп те ойлаймын. Сондықтан үш баламды да Махмуди деп жаздырамын. Әкесінің аты жазылатын жер бос тұрады. Менің де жеке құжатымда әкем аты жазылмаған. Балалардың өтінішімен құжат алмастыру процесін бастап кеттік”, – деді Сиви.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты