Конституциялық сот пен ЕҚЫҰ кеңсесі бірлескен бастамаларды талқылады

Конституциялық сот пен ЕҚЫҰ кеңсесі бірлескен бастамаларды талқылады
Фото: Конституциялық сот

Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесу өткізді. Кездесуге Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесу барысында тараптар Конституциялық сот пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кеңсесі арасындағы өзара іс-қимылдың 2026 жылға арналған басым бағыттарын талқылады.

Аталған ынтымақтастық бастамалары құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ конституциялық бірегейлік пен Ата заңымыздың үстемдігі мәселелері бойынша сараптамалық қолдауды күшейтуге бағытталған.

Еске сала кетсек, ЕҚЫҰ өкілдері Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысымен танысты