Көкшетауда ұрланған көлік камера көмегімен табылды

Бүгін, 14:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Көкшетауда ұрланған көлік камера көмегімен табылды
Фото: polisia.kz

Көкшетауда полиция бейнебақылау камераларының көмегімен ұрланған көлікті тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы көліктің қай бағытта кеткені анықталған.

Белгісіз адамдар жеке үйдің ауласында тұрған ВАЗ-2114 көлігін айдап кеткен. Қала тұрғыны көлігінің жоқ екенін көріп, бірден полицияға хабар берген.

Полиция камера жазбаларын қарап, көліктің жүрген бағытын анықтап, бұл туралы патрульдік полицияға хабарлаған.

«Жедел шаралар барысында Көкшетау қаласының бір тұрғыны анықталып, оның оқиғаға қатысы тексеріліп жатыр. Ұрланған көлік тәркіленді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр», делінеді хабарламада.

Еске салсақ, Астана – Петропавл республикалық автожолында есірткіге мас күйде жүк көлігін басқарған жүргізуші ұсталды.