Күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр: десант, арнайы бөлімшелерге кімдер аттанады
17 қазан, 2025
Фото: Сұлтан Сейіт
Астанада мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру науқаны жалғасып жатыр. Қалалық шақыру комиссиясының отырысында запастағы полковник, «Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Ғани Артықов пен блогер әрі жаттықтырушы Айтым Жақыпов жастарды әскерге жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айтым Жақыповтың айтуынша, әскер – әрбір жігіт өтуі тиіс өмір мектебі. Ол жастарға бұл кезеңге саналы түрде дайындалу қажеттігін ескертті, әсіресе физикалық дайындықтың маңыздылығына тоқталды.
«Қазақстанда дайындалуға барлық мүмкіндік бар: фитнес орталықтар, спорт кешендері, клубтар жұмыс істейді. Ең бастысы – шақыру қағазын күтпей, спортпен шұғылдануды ертерек бастау керек. Физикалық форма – жеке денсаулықпен қатар, ел қауіпсіздігіне қосқан үлес. Барлық болашақ сарбаздарға жаттығуға кірісіп, әскерге дайын болуды кеңес етемін», – деді ол.
Жақыповтың айтуынша, оның жобаларынан қатысқан жастардың 90%-ы өмірін түбегейлі өзгерткен. Көпшілігі марафоншы, жаттықтырушы, тәлімгер атанған. Кейбірі 50-200 келіге дейін салмақ тастаған.
«Бұл тек сыртқы өзгеріс емес, мінездің қалыптасуы. Мұндай адамдар шын мәнінде тәртіпті және физикалық тұрғыдан дайын. Бұл – әскерге қажетті басты қасиет», – деп атап өтті жаттықтырушы.
Оның пікірінше, қазіргі жастардың дене белсенділігі төмендеп, ұзақ отыру өмір салты көру, зат алмасу және жалпы денсаулыққа кері әсерін тигізіп отыр. Ал әскер осының орнын толтырып, негізгі дағдыларды қайта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Әскер – бұл абырой үшін емес, Отан алдындағы борыш. Егер сарбаз өзін жақсы қырынан көрсетсе, ол жоғары оқу орнында білімін жалғастырып, кәсіби жолын Қорғаныс министрлігімен бірге жоспарлай алады. Бұл – әлеуметтік лифт», — деді ол.

Ал Ғани Артықовтың айтуынша, қазір елордада шақыру науқанының белсенді кезеңі өтіп жатыр.
Жастар алдымен медициналық комиссиядан өтеді, онда олардың денсаулығына ерекше мән беріледі. Тек толықтай жарамды деп танылған азаматтар ғана түрлі әскер түрлеріне жіберіледі.
• Десанттық-шабуыл және арнайы бөлімдерге бойы 170 см-ден жоғары, денсаулығы мен спорттық дайындығы мықты жігіттер іріктеледі.
• Жақсы жүзетіндер – Әскери-теңіз күштеріне қабылданады.
• Жоғары білімі бар математиктер мен IT-мамандар әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде жұмыс істеп, зениттік жүйелер мен радарларды басқарады.
• Бағдарламашылар мен инженерлер ғылыми бөлімшелерге бөлініп, бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйелерді дамытады.
• Заң факультеттерінің түлектері көбіне Ұлттық ұлан қатарына қабылданады, себебі бұл құрылым құқық қорғау саласына кадр дайындайтын негізгі база саналады.
Ғани Артықов атап өткендей, қыркүйек айында шекара қызметі мен десанттық бөлімдер толық жасақталған. Қазан айының басында теңіз жаяу әскерлері жасақталып, қазір механикаландырылған, арнайы жасақ және барлау бөлімдері, артиллериялық құрамалар толықтырылып жатыр.
Қарашаның соңына дейін Ұлттық ұлан мен ТЖМ құтқару бөлімдеріне әскерге алу жалғасады. Бұл құрылымдарға үміткерлерге қойылатын талаптар жоғары – дене дайындығы мен кәсіби қабілеті қатаң бағаланады.
Жалпы, жыл соңына дейін елордадан 1 200-ден астам жас сарбаз әскер қатарына жөнелтілмек.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:21
Астанада А.Кравцов көшесінің бір бөлігі жартылай жабылады
Бүгін, 07:01
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады?
18 тамыз, 2026
Астанада өтетін әлем чемпионатына жүзден астам елден мыңға жуық балуан келеді
18 тамыз, 2026
Астана әуежайының рекорды: Шілдеде жолаушылар ағыны 1 миллионнан асты
Бүгін, 11:56
Омниканал арқылы шағымдану: Полиция көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған елордалыққа айыппұл салды
Бүгін, 11:54
Атырауда тұңғиық гүлі фестиваліне екі күнде 40 мыңнан астам адам қатысты
Бүгін, 11:45
Егер сайлау күні басқа елді мекенде болсаңыз, қалай дауыс беруге болады
Бүгін, 11:34
Олжас Бектенов Hunan Junxin Environmental Protection басшысы Дай Даогомен кездесті
Бүгін, 11:23
Партиялар Құрылтай сайлауы алдындағы өңірлік сапарларын аяқтап жатыр
Бүгін, 11:21
Астанада А.Кравцов көшесінің бір бөлігі жартылай жабылады
Бүгін, 11:09
Елімізде жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Бүгін, 10:57
Астанада Триумфалды арка маңында әдепсіз видео түсірген шетелдікке айыппұл салынды
Бүгін, 10:45
Қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін шартты жаза алған елордалықтың ісі қайта қаралады
Бүгін, 10:33
«Астана» өңірлік қолбасшылығында жас офицерлердің даярлығы басталды
Бүгін, 10:19
Географиядан халықаралық олимпиада жүлдегерлері елге оралды
Бүгін, 10:05
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы: өтінім қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады
Бүгін, 09:47
Астанада театрларға күн сайын 3 мыңнан астам көрермен барады
Бүгін, 09:36
Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында спартакиада өтіп жатыр
Бүгін, 09:29
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионатында топ жарды
Бүгін, 09:24
ОСК: Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды
Бүгін, 09:12
Астанада 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды
Бүгін, 08:53
Солтүстік Арал теңізіне 1,2 млрд текше метр су жіберілді
Бүгін, 08:34
Астанадағы айырбастау пунктеріндегі бүгінгі валюта бағамы
Бүгін, 07:01
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады?
Бүгін, 00:36
Дауыс беру күні елімізде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді
18 тамыз, 2026
Алматыда құны 5 млн теңгедей болатын омыртқа операциялары тегін жасалады
18 тамыз, 2026
Түркістанда инвестициялық жоба аясында 2 мың тонна қызанақ өндірілді
18 тамыз, 2026
Елімізде 166 мың адам «Мансап компасы» арқылы кәсіби бағдар алды
18 тамыз, 2026
Ел құрамасы Сингапурдағы бадминтон турнирінде бақ сынайды
18 тамыз, 2026
Қыркүйек айында елімізде ауа райы қандай болады - Қазгидромет
18 тамыз, 2026
ҚазҰУ-да жасанды интеллект саласындағы халықаралық симпозиум өтті
18 тамыз, 2026
«ҚазАвтоЖол» ескертеді: жол жобаларын «шешіп береміз» дегендер – алаяқтар
18 тамыз, 2026
Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде
18 тамыз, 2026
Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды
18 тамыз, 2026
Неге кей абитуриент аз балмен конкурстан өтіп кетеді – Саясат Нұрбек түсіндірді
18 тамыз, 2026
«Құрылтай LIVE» платформасы: Сайлау туралы барлық ақпарат бір сайтта
18 тамыз, 2026
Өндірісте қой жүнін кәдеге жаратудың жаңа жолы табылды
18 тамыз, 2026
Астанада өтетін әлем чемпионатына жүзден астам елден мыңға жуық балуан келеді
18 тамыз, 2026
Қайтарылған активтер: өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд теңге бөлінді
18 тамыз, 2026
Астанада жаңа оқу жылы қарсаңында көше-жол желісіне тексеріс жүргізілуде
18 тамыз, 2026
Елімізде оқушылардың сабақ кезінде телефон қолдануына шектеу қойылады
18 тамыз, 2026
Медициналық тексеруден өткен 2,3 млн баланың 11%-ынан түрлі ауру анықталды
18 тамыз, 2026
Қазақстанда бакалавриатта оқу мерзімі қысқаруы мүмкін
18 тамыз, 2026
Елордада нөмірін әдейі жасырған мотоциклші жүргізуші куәлігінен айырылды – ВИДЕО
18 тамыз, 2026
Елімізде су саласына маман даярлайтын оқу орындарының саны артты
18 тамыз, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған азаматтар жауапқа тартылды
18 тамыз, 2026
Қазақстанның экспорт көлемі жарты жылда $40 млрд-тан асты
18 тамыз, 2026
Астана әуежайының рекорды: Шілдеде жолаушылар ағыны 1 миллионнан асты
18 тамыз, 2026
Елордада таксиде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамалды – ВИДЕО
18 тамыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрін қабылдады
18 тамыз, 2026
«Байсерке аспаны – 2026» авиациялық шоуын 10 мыңға жуық адам тамашалады
18 тамыз, 2026
Еліміздің шығысында су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытатын ауқымды жоба әзірленіп жатыр
18 тамыз, 2026
Алаяқтарға алданбаудың жаңа тәсілі: СҚО-да зейнеткерлерге арналған чаттар құрылды
18 тамыз, 2026
237 адам пиротехниканы елдімекенде қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды - ІІМ
Бүгін, 11:56
Омниканал арқылы шағымдану: Полиция көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған елордалыққа айыппұл салды
Бүгін, 11:54
Атырауда тұңғиық гүлі фестиваліне екі күнде 40 мыңнан астам адам қатысты
Бүгін, 11:45
Егер сайлау күні басқа елді мекенде болсаңыз, қалай дауыс беруге болады
Бүгін, 11:34
Олжас Бектенов Hunan Junxin Environmental Protection басшысы Дай Даогомен кездесті
Бүгін, 11:23
Партиялар Құрылтай сайлауы алдындағы өңірлік сапарларын аяқтап жатыр
Бүгін, 11:21
Астанада А.Кравцов көшесінің бір бөлігі жартылай жабылады
Бүгін, 11:09
Елімізде жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Бүгін, 10:57
Астанада Триумфалды арка маңында әдепсіз видео түсірген шетелдікке айыппұл салынды
Бүгін, 10:45
Қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін шартты жаза алған елордалықтың ісі қайта қаралады
Бүгін, 10:33
«Астана» өңірлік қолбасшылығында жас офицерлердің даярлығы басталды