Юлия Путинцева Брисбен турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші, әлемнің 71-ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен WTA 500 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 119-орында тұрған аустралиялық Присцилла Хонмен кездесті.
Матч 6:4, 6:3 есебімен Путинцеваның пайдасына шешілді.
Бір сағат 19 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Хон 3 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Ю.Путинцева іріктеу сайысының финалында келесі қарсыласын ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.
Брисбендегі турнирдің негізгі кездесулер 4-11 қаңтар аралығында өтеді. Оның жүлде қоры 1 206 446 долларды құрайды. Қазіргі чемпион – Беларусь теннисшісі, әлемнің алғашқы ракеткасы Арина Соболенко.
Бұған дейін 2025 жылы елімізде 135 спорт нысаны пайдалануға берілгенін жазған едік.