Ильфат Абдуллин садақ атудан Словениядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Бүгін, 19:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ильфат Абдуллин садақ атудан Словениядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Словенияның Камник қаласында өтіп жатқан Veronica’s Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Ол классикалық садақ атудан жекелей сында финалға дейін жетті.

Шешуші кездесуде Абдуллин үндістандық Сачин Гуптаны 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медаль иеленді. 

Бұл сында ел намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.

Еске салсақ, қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды.