Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 11:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда күміс медаль жеңіп алды.

Ыдырысов финалда өз өнері үшін төрешілерден 14.133 ұпай алды. Бұл жүлде Қазақстан үшін аталған турнирдегі алғашқы медаль болды.

Осы бағдарламада Нариман Құрбанов жетінші нәтиже көрсетті – 13.233.

Хорватиялық Матео Зугеч жарыс жеңімпазы атанды – 14.166. Ал үздік үштікті 14.100 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Джошуа Нэтан түйіндеді.

Еске сала кетейік, 7 маусымда елордада Astana Half Marathon өтеді.