ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды
4 қараша, 2024
Фото: Polisia.kz
Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған.
Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысады.
«Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.
Ұқсас жаңалықтар
15 тамыз, 2026
Астана – Бейжің бағыты бойынша әуе рейстері көбейді
15 тамыз, 2026
Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті
14 тамыз, 2026
ҚазАвтоЖол: республикалық жолдарда 1 114 санитарлық торап жұмыс істеп тұр
14 тамыз, 2026
Елімізде су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр