Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен шайбалы хоккейден Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандастарымыз соңғы ойында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Негізгі және қосымша уақытта командалар бір-бірінің қақпасына шайба соға алмады. Сол себепті жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Нәтижесінде қазақстандық хоккейшілер 4:3 есебімен басым түсті.
Ұлттық құрама бұған дейін Жапонияны 3:2, Қытайды 5:0 есебімен ұтқан болатын.
Осылайша Қазақстан биыл үшінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанып отыр. Ұлттық құрама бұған дейін 2024, 2025 жылдары алтын медаль жеңіп алған болатын.
Еске салсақ, Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды.