Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алтын жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері Тайпей өкілі Ян Юнвэйді жеңді.
Осылайша ол ақтық сынға жолдама алды.
Талғат финалда моңғолиялық Сухбат Бямбасурэн арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Сондай-ақ бес балуанымыз Grand Slam турнирінің қола медалі үшін сынға түседі.
Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевпен күресіп, қарсыласына жол берді. Енді ол Анваржон Ибрахимовпен қола жүлде үшін күреседі.
Дәл осы салмақта Ақылжан Жұбатқанов 1/2 финалда ресейлік Сайгид Керимовтен жеңілді. Осылайша қола медаль үшін өтетін белдесуде Рамазан Абдулаевпен (Ресей) күреседі.
60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов жартылай финалда моңғолиялық Сухбат Бямбасурэнге жол берді. Енді Шерзод отандасы Мағжан Шамшадинмен қола медальді өзара сарапқа салады. Ал Мағжан Шамшадин жұбаныш белдесуінде үндістандық Харш Сингхты жеңді.
Әйелдер арасында Меруерт Сәрсенова 52 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде бразилиялық Николь Маркесті жеңді. Осылайша қола медаль үшін өтетін бәсекеде ресейлік Лилия Нугаевамен күш сынасады.
Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.
Бұған дейін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі басталғанын жаздық.