Референдум-2026

Гидротехникалық нысандарды пайдалану ұйымдарына 1 300-ден астам маман жұмысқа орналасты

Бүгін, 09:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Гидротехникалық нысандарды пайдалану ұйымдарына 1 300-ден астам маман жұмысқа орналасты
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 10 облысында коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқаруға маманданған ұйымдар құрылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл ұйымдар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында ашылды. Осылайша, еліміздегі коммуналдық гидротехникалық нысандарды пайдалану және басқаруға маманданған ұйымдардың жалпы саны 16-ға жетті.

Бүгінде бұл ұйымдарда 1 337 адам еңбек етеді. Бұл штат санының 93%-ы. Сондай-ақ ұйымдардың теңгеріміне 822 гидротехникалық нысан берілді.

«Мамандандырылған ұйымдарда еңбек етіп жатқан мамандар коммуналдық гидротехникалық нысандардың тиісті деңгейде күтіп-ұсталуы мен қауіпсіз пайдаланылуын күн сайын қамтамасыз етіп келеді. Бір жылдың ішінде бұл мекемелердегі мамандар саны 405 адамға артты. Бір жыл бұрын олардың саны 932 адамнан асқан болатын», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Еске салсақ, Қазақстан мен Қытай су саласына маман даярлайтын бірлескен колледж ашу мәселесін пысықтады.