04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Геннадий Головкин Бахрейн бокс федерациясының президентімен кездесті

|
Photo: Фото: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Геннадий Головкин Бахрейн бокс федерациясының президентімен кездесті

|
Photo: Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин жұмыс сапары аясында Бахрейн Корольдігіне барып, елдегі бокс федерациясының басшысы Рашид Иса Флейфельмен ресми кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу 22-31 қазан аралығында Манамада өтетін III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қарсаңында өтті.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және бокстың стратегиялық дамуы жөнінде пікір алмасты. Әсіресе жас спортшыларға арналған бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан мен Бахрейн бапкерлері арасындағы тәжірибе мен заманауи дайындық әдістемелерін тұрақты түрде бөлісу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Рашид Иса Флейфель Қазақстанмен боксты дамыту бағытында әріптестік орнатуға қызығушылық танытты. Ол өз сөзінде ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтып, Геннадий Головкинді спортшылардың жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына дайындығы өтіп жатқан оқу-жаттығу кешендерін көруге шақырды.

Айта кетсек, алдағы Азия ойындарындағы бокс сайыстары 23 қазанда басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗