Осыдан бір апта бұрын Әзербайжанда өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында топ жарған Ернұр Сүлеймен көшпенділер ойындарында да чемпион атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Ернұр Сүлеймен жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді.
