Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Алматы энергетика және байланыс институтын, Д.Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген.
2002-2005 жылдары – кеңесші, ҚР Премьер-министрі кеңсесiнің сектор меңгерушісі.
2005-2011 жылдары – бөлім меңгерушісінің орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2011-2016 жылдары – ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерде істеді.
2016-2017 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысының орынбасары.
2019-2022 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2023-2025 жылдары – ҚР Конституциялық Сотының судьясы.
2025 жылғы 9 қаңтарда ҚР әділет министрі болып тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды.