04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елорданың тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі жөнінде 60 рейд өткізілді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елорданың тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі жөнінде 60 рейд өткізілді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Биылғы жылыту маусымы басталғаннан бері елорданың тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша 60 рейдтік іс-шара өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігі ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы ТЖД мәліметінше, жылыту маусымы басталғаннан бері қаланың тұрғын үй секторында 12 өрт тіркелген.

Ведомство қызметкерлері аудандық әкімдіктермен бірлесіп, тұрғын үй секторында 60 рейдтік іс-шара өткізген. Іс-шара барысында 31 мың жеке тұрғын үй қамтылған. Соның ішінде 4 437-і үй-аулаларды аралаған. Аралау кезінде 8 000-ға жуық өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық анықталған.

«Қазіргі уақытта қала бойынша ТЖД есебінде халықтың әлеуметтік осал топтары бойынша 1 738 отбасы тіркеліп тұр, оның ішінде 704 отбасы жеке үйлерде тұрады. Олардың барлығы профилактикалық түсіндіру жұмыстарымен толық қамтылған, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін тиісті органдарға хаттар жолданды», - делінген хабарламада.

Соңғы төрт жылда 3 000-нан аса датчик орнатылған. Биыл аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 233 отбасының үйінде көміртегі тотығы датчиктері қойылған.

Сонымен қатар бірқатар үйде пештер мен электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗