Астанада жасөспірімдер есірткіге қатысты театрлық қойылымды тамашалады

Астанада жасөспірімдер есірткіге қатысты театрлық қойылымды тамашалады
Фото: Астана қаласы Нұра аудандық прокуратуасы

Нұра ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында аудан мектептерінің 11-сынып оқушылары мен кәсіби-техникалық колледждердің 1–2 курс студенттері үшін «Есірткі қылмыстарының алдын алу» тақырыбында профилактика мақсатымен театрлық қойылым ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа өмірлік жолды саналы түрде таңдаудың маңыздылығын, заң талаптарын сақтаудың қажеттілігін және құқық бұзушылықтарға жол бермеудің мәнін жеткізу.

Көркем қойылым арқылы көрермендерге моральдық таңдау жағдайы көрсетіліп, ойланбай қабылданған шешімнің салдары айқын бейнеленді.

Спектакль тек мәдени іс-шара ғана емес, сонымен қатар жастармен ашық диалог алаңына айналды. Қойылым жастар арасында шынайы қызығушылық пен әсерлі эмоция тудырды.

Осындай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық санасын нығайтып, тұрақты өмірлік құндылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кетерлігі, іс-шараға 700-ден астам жасөспірім қатысты.

Еске салсақ, Жамбыл облысында полицейлер 100 келіден астам марихуана мен 2 келі гашиш тәркілегенін хабарладық.