ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимаратта шыққан өртті оқшаулады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ТЖМ бірінші бөлімшелері келгеннен кейін 3 қабатты ғимарат ашық жалынмен жанып жатқаны және шатырдың жартылай құлағаны анықталды.
Өртті сөндіру жалғасуда», - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шыққанын жазған болатынбыз.