Елордалық мектеп-лицейде көрнекті ғалым Марат Әбсеметовпен кездесу ұйымдастырылды

Елордалық мектеп-лицейде көрнекті ғалым Марат Әбсеметовпен кездесу ұйымдастырылды
Фото: «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі

№82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінде көрнекті ғалым, профессор, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Көркем академиясының академигі, С.Сейфуллин атындағы музейдің директоры Марат Әбсеметовтің шәкірттермен тағылымы мол кездесуі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар әдебиеті-рухани тәрбие бастауы» атты «Ұлттық кітап» күні қарсаңында өткізілген онкүндікке орай ұйымдастырылды.

Кездесу барысында оқушылар ғалымның өмір жолы, ғылыми еңбектері мен жетістіктері туралы тың мағлұматтар алды. Марат Оралбайұлы өзінің білім мен ғылымға деген көзқарасымен бөлісіп, жастарды ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа және отаншылдыққа шақырды. Оқушыларға рух, отаншылдық, ұлттық құндылықтар, тілге құрмет туралы әсерлі ойларымен бөлісіп, ел болашағы білімді де саналы ұрпақтың қолында екенін атап өтті.

Сұрақ-жауап бөлімі ерекше қызықты өтіп, оқушылар көкейіндегі сұрағын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесу жас ұрпаққа үлкен мотивация беріп, болашаққа деген сенімдерін арттырды.

Осындай тағылымы терең кездесулер өскелең ұрпақтың рухани дамуына, білімге деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етеді.

Еске сала кетсек, елордада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді.