Елордадан қыс басталғалы 8 млн текше метрге жуық қар шығарылды
17 наурыз, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Қыс мезгілі басталғалы астаналық коммуналдық қызметтер қала тұрғындарының жайлы жүріп-тұруы үшін қар күреу жұмысын тоқтаусыз жүргізіп келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
17 наурыз күні таңертең Астанада қар күреуге 2 400-ден астам жол жұмысшысы мен 1 714 арнайы техника жұмылдырылды.
17 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер 48 084 текше метр қарды қаладан 3 413 рейспен алып шықты.
Қыс мезгілі басталғалы қаладан полигондарға 625 908 ауыр жүк рейсімен 7,9 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Айта кетейік, қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 07:01
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
23 тамыз, 2026
iKOMEK109 орталығы тұрғындардың 18 млн өтінішін қабылдап, өңдеді
23 тамыз, 2026
Астананың бүгінгі ауа райы: Жаңбыр, бұршақ және қатты жел
22 тамыз, 2026
Омарта, гидропоника, мектеп кафесі: Астанада ерекше оқушыларға арналған бірегей жоба бастау алды