Елордадағы №119 мектепте 50-ден астам әке балаларымен бірге ауланы қардан тазалады

Бүгін, 18:02
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елордадағы №119 мектепте 50-ден астам әке балаларымен бірге ауланы қардан тазалады
Фото: Астанадағы №119 мектептен

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада «200 мектеп және балабақша – 4000 әке» қар күреу экочелленджі өтті. Соның аясында бүгін қаладағы №119 мектепте 55 әке балаларымен бірге мектеп ауласын қардан тазалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осылайша әкелер еңбек арқылы балаларына үлгі болып, тахалық пен тәртіптің маңызын көрсетті.

Мектеп директорының айтуынша, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениет пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңіруге ықпал етеді.

«Бүгін мектебімізде «200 мектеп және балабақша – 4000 әке» экочелленджі өтті. Іс-шараға әкелер белсенді қатысып, білім ордасының аумағын қардан тазартуға өз үлестерін қосты. Бұл бастама еңбекқорлық, қоршаған ортаға жанашырлық және азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі болады деп есептеймін. Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықтың нығаюына ықпал еткен барлық әкелерге алғыс білдіремін», - деді мектеп директоры Гүлжан Алдажар.

Болашақта да білім беру ордасы мен ата-аналар қауымдастығы бірлескен жобаларды жалғастырып, «Таза Қазақстан» экоакциясына қолдау білдіреді.

Бұған дейін Астанада экобастама аясында әкелер аула тазалығына атсалысқанын жаздық.