Елордада жаяу жүргіншілер көпірінде көлігімен ойқастаған жүргізуші қамауға алынды
21 тамыз, 2024
фото: astana.sud.kz
Астанадағы орталық демалыс саябағында орналасқан «Атырау» жаяу жүргіншілер көпіріне көлігімен шыққан жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Айыпталушы досымен бәстескен соң көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп, көпірмен жүргенін айтты.
«Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Жасалған әрекеттің сипатын, кінәлінің жеке басын, оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, істің мән-жайын ескере отырып, соттың қаулысымен Т. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды», - деді Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:45
Астанада қайтарылған активтер есебінен 1 200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады
Бүгін, 07:01
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
13 тамыз, 2026
Қазақстанда ЮНФПА-ның отбасы және жастардың демографиялық болашағы туралы жаһандық зерттеуінің нәтижелері таныстырылды
13 тамыз, 2026
Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіне «Таңсәрі» муралы салынды