Елордада жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүк көлігі анықталды – ВИДЕО
Астана қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Күндіз Астана-Қарағанды автожолында Патрульдік полиция қызметкерлері 52 жастағы жүргізуші басқарған Shacman маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында ер адамның көлікті салмақ өлшеу бақылауынан өткізу кезінде оның мемлекеттік нөмірлік белгісін жасыруға әрекет жасағаны анықталды.
«Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынып, көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылды», - делінген хабарламада.
Полиция ескертеді: мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыруға немесе өзгертуге әрекет жасау жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік бермейді. Мұндай әрекеттер полиция қызметкерлері мен бақылаудың техникалық құралдары арқылы тіркеледі.
Еске сала кетейік, Астанада Төле би көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.