Астанада құрылысшылармен құрылыс объектілерінде заңдылықты сақтау мәселелері бойынша кезекті жиын өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Нүркеновтің төрағалығымен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы, прокуратура, полиция, Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті мен мемлекеттік органдар және құрылысшылардың қатысуымен кеңес өтті.

Астананың құрылыс саласындағы өзекті мәселелердің бірі – рұқсатсыз құрылыс, жобалық, қалалық және қауіпсіздік талаптарын бұзып нысан салу болып отыр.
2025 жылы сәулет-құрылыс бақылауы нәтижесінде 576 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 308 орындалуы міндетті нұсқама берілген, 764 айыппұл салынды, оның жалпы сомасы 308 млн теңгеден асты.
Қалада қазіргі уақытта шамамен 1 263 нысан салынып жатыр, оның 322-сі көппәтерлі тұрғын үйлер.
2025 жылы Астанада сот шешімдері мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының нұсқамалары негізінде 15 нысан бұзылған.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Ғани Тажиев заң талаптарын елемеуге, сапаны үнемдеуге немесе нормаларды бұзуға әрекеттенетін кез келген жағдай жауапкершілік шаралары қолданылатындығын, соның ішінде құрылыс жұмыстарын тоқтату және айыппұл салу қарастырылатынын атап өтті.
Сонымен қатар ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау аясында тұрғын үйлерді заңсыз сату әрекеттерін тоқтату бойынша шаралар қабылданып жатқаны еске салынды, оның ішінде «Тұрғын үй құрылысында үлескерлердің қатысуы туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Заң бұзушылықтар үшін 1000-2000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған, бұл 7,8 млн теңгеден асады.