09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық сарбаз ерекше қамқорлығымен көзге түсті

|
Photo: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық сарбаз ерекше қамқорлығымен көзге түсті

|
Photo: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаз, қатардағы Жантас Аңсар ҰҚШҰ саммиті кезінде 300-ге жуық азаматқа көмектескен, деп хабарлады  Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тайғақ жерде азаматтардың құлап қалмауы, жарақаттанбауы үшін ол әрқайсысына көмектесіп тұрған.

«Саммит кезінде күшейтілген режимде қызмет атқардық. Сол кезде балалар, қарт кісілердің тайғақ жерден әрең өтіп жатқандарын байқап қалдым. Әсіресе балалар, әйел кісілер мен қарт кісілерді қолдау артық болмас деп ойладым. Екі күн қатарынан сол жерде қызметте тұрып, тұрғындарға көмектестім. Менің орнымда болған әр азамат дәл осылай жасайтын еді деп ойлаймын», - деді ол.

Осылайша екі күн қызметінде шамамен 300-дей азаматқа көмегін тигізген Жантас әлеуметтік желіде жұлдызға айналды. Халықтың ерекше ілтипатына бөленген сарбазға  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков 10 күндік демалыс жариялады. Кейін ол Павлодар қаласындағы жақындарына кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗