Елордада есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды
Астанада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын сақтап, таратумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктінің көлігін тексеру кезінде ішінен өзіне тән иісі бар сұрғылт-жасыл түсті зат салынған пакет, екі литрлік бөтелке және осындай зат толтырылған екі бес литрлік ыдыс табылған. Сондай-ақ электронды таразы тәркіленді.
«Сараптама нәтижесі бойынша алынған заттардың гашиш екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 келіден асады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстан азаматтарын есірткі бизнесіне тартқан халықаралық топтар әшкереленді
Полиция есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу ауыр қылмыс екенін ескертеді.
Қазіргі уақытта есірткі қылмыстарының жолын кесу бағытындағы жедел-профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.