Елордада екінші ауысымдағы оқушылар сабақты қашықтан оқиды

Бүгін, 10:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада екінші ауысымдағы оқушылар сабақты қашықтан оқиды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«12 наурызда ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі) байланысты екінші ауысымның 0-6-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада қар жауып, бұрқасын соғады.