Елордада әскери ұшақтардың жаттығу ұшулары басталады
15 мамыр күні Астанада Әуе қорғанысы күштерінің жоспарланған шаралары аясында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады. Ұшулар қауіпсіз биіктікте өтеді және тұрғындардың күнделікті өміріне айтарлықтай әсер етпейді.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен көрсетілім кезінде болуы мүмкін қысқа мерзімді шуға түсіністікпен қарау сұралды.
Мамандардың айтуынша, барлық әуе маневрлері қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес өткізіледі және тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Сондай-ақ демонстрациялық ұшу барысында қолданылатын түрлі түсті түтіндердің экологияға зияны жоқ екені атап өтілді.