Елордада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды

Бүгін, 10:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«15 наурызда қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.

Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.