«Elorda Aqparat» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кезекті ішкі талдау жүргізеді

«Elorda Aqparat» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кезекті ішкі талдау жүргізеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы әкімінің аппараты 2026 жылғы 31 наурызда бекіткен Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес және 2025 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылдың 4 мамырынан 17 маусымға дейін «Elorda Аqparat» ЖШС қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы өткізілетін болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген (19.10.2016 ж. №12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды дайындау және өткізу барысында мынадай рәсімдер жүзеге асырылады: оны ЖШС интернет-ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды өткізу туралы бұйрық шығару; БАҚ-та алдын ала хабарландырумен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындау; анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу; талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспарын сайтта орналастыру; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесін жасау.

Бұдан басқа, талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау арқылы анықталған тәуекелдерді жою мониторингі жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша +7 778 2403510 телефонына хабарласуға болады.