Елімізде еңбек инспекциясы өкілеттіктері кеңейтіледі - Үкімет
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларды одан әрі күшейту мақсатында мемлекеттік органдарға Мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілеттіктерін кеңейту бойынша заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекеттік еңбек инспекциясына кеңейтілген өкілеттіктер беру бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірлесін. Бұл ірі кәсіпорындарда ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес саласында да еңбек тәртібін нығайтып, қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Еске салайық, бұған дейін елімізде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KPI енгізілгені туралы жаздық.