Елімізде электр энергиясының 62%-дан астамы көмірден өндіріледі

Бүгін, 09:43
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде электр энергиясының 62%-дан астамы көмірден өндіріледі
Фото: magnific.com

Бүгінде елдегі электр энергиясын өндірудің негізін көмір генерациясы құрайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Оның үлесі жалпы электр энергиясы өндірісінің 62,1%-на тең.

Сондай-ақ ведомство электр энергиясын өндірудің түрлі көздерін теңгерімді дамытуға ерекше назар аударып келе жатқанын хабарлады. 

«Елдің энергия теңгеріміне газ генерациясы да елеулі үлес қосуда. Қазіргі таңда газ электр станцияларының үлесіне электр энергиясы өндірісінің 23,4%-ы тиесілі. Ірі су электр станцияларының (шағын ГЭС-терді қоспағанда) үлесі 7,5%-ды құрайды. Олар экологиялық таза электр энергиясын өндірумен қатар, энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге маңызды үлес қосады», делінген хабарламада.

Жаңартылатын энергия көздері де тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта ЖЭК объектілерінің жалпы генерациядағы үлесі 7%-ға жетті.

Осылайша, Қазақстанның энергетика саласы энергиямен жабдықтаудың сенімділігін сақтай отырып, генерация көздерін әртараптандыру бағыты бойынша дамуда. Қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа энергетикалық нысандар салумен қатар, жаңартылатын энергетиканы, газ генерациясын және гидроэнергетиканы дамыту жұмыстары жалғасуда. Бұл өз кезегінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Еске салсақ ,елімізде көмір өнеркәсібін дамыту жоспары әзірленеді.