04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде аграрлық азық-түлік өнімдерін сататын маркетплейс жасалып жатыр

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде аграрлық азық-түлік өнімдерін сататын маркетплейс жасалып жатыр

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Президенттің ауыл шаруашылығы экспортын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет мамандандырылған аграрлық азық-түлік маркетплейсін құруды қарастырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгін, 15 шілдеде Үкімет отырысында премьер-министр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті әрі сапалы қорын қалыптастыру үшін тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, өнімді сақтау және сату тетіктерін әзірлеу міндетін қойды.

Сауда саласын дамытуды қолдау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға арнайы аграрлық азық-түлік маркетплейсін құру бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.

«Цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру сауда саласының одан әрі дамуына оң серпін беруге тиіс. Бұл ішкі сауда көлемін кеңейтіп қана қоймай, отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуын да қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗