Елде 1 700-ден астам медицина қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Бүгін, 13:44
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елде 1 700-ден астам медицина қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Фото: freepik.com

2025 жылы біліктілікті арттыру жылы шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының мамандары оқытудан өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz  Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың қатарында 1 165 мейіргер мен 553 жалпы практика дәрігері бар. Бағдарламаларға бір маманға төрт модуль кірді.

«Жоғары оқу орындары мен колледждердің 1 108 оқытушысын оқыту маңызды нәтиже болды, бұл қазіргі заманғы даярлық стандарттарының тұрақты таралымын қамтамасыз етеді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

2025 жылы оқытудың басым бағыттары:

- кеңейтілген практика мейіргерлерін даярлау — 173;

- медициналық ұйымдарды аккредиттеу — 213;

- пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру-69;

- созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын енгізу - 5 өңірде 203 маман;

- заманауи симуляциялық технологияларды қолдану-12 өңірден 553 маман.

Бұл іс-шараларды іске асыру мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес келеді, кадрлық әлеуетті нығайтады, мамандардың тапшылығын азайтады және медициналық көмектің сапасын, әсіресе шалғай өңірлерде арттырады.

Бұған дейін 2026 жылы медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріліп, құқықтық қорғалуы күшейтілетінін жаздық.