Қазақ тарихында ел тағдыры сынға түскен кезеңдер аз болған жоқ. Осындай алмағайып замандарда Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сынды батырлар ел қорғаудың, бірлік пен қайсарлықтың жарқын үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz..
Олар жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қол бастап, қазақ жерінің тұтастығы мен халықтың азаттығы үшін күресті. Батырлардың ерлігі тек майдан даласындағы жеңістерімен ғана өлшенбейді. Олардың өмір жолынан Отанға адалдықты, жауапкершілікті, табандылықты және ел мүддесін жеке бастың қамынан жоғары қоюды көреміз.
Батырлар мұрасы — өткен тарихтың естелігі ғана емес, бүгінгі ұрпақтың