Қарағанды облысындағы станцияда 20 шақты адам темір жолдан өту ережесін сақтамаған
Қарағанды облысындағы Қарағанөзек станциясында Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Тоқта! Соқтығысулар!» профилактикалық акциясы болып өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараны «ҚТЖ» ұлттық компаниясы – «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы әскерилендірілген теміржол күзеті және Көліктегі полиция желілік бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Қарағанөзек станциясы бұрын тіркелген жарақат жағдайлары мен вандализм фактілеріне байланысты ерекше бақылауда. Жаяу жүргіншілер көпірінің болуына қарамастан, жеке азаматтар тек теміржол қызметкерлеріне арналған қызметтік өткел арқылы теміржол өткелдерін кесіп өтуді жалғастыруда.
Рейд барысында бір күнде 20 жуық бұзушылық анықталды. Барлығымен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер мен түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Акция аясында биыл Қарағанды өңірі бойынша 1 394 адам қамтылған 105 кездесу мен жиналыс өткізілді, теміржол өткелдерінде және жолдар бойында 65 рейд ұйымдастырылды. Қауіпсіздік мәселелері бойынша 1 002 автокөлік жүргізушісі нұсқаулықтан өтті.
Темір жолға жануарлардың шығуын болдырмау үшін мал иелеріне ҚР ӘҚБК-ден 2 724 үзінді көшірмесі табыс етілді, 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау үшін 70 ресми хат жолданды.
ҚТЖ теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіздік ережелері мен заңнама талаптарын сақтау «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының маңызды құрамдас бөлігі және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті шарты болып табылатынын еске салады.